
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен жоғары кәсібилікті талап ететін маңызды сала. Елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы қажырлы еңбектеріңіз, мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы адал қызметтеріңіз қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі болып табылады.
Мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қосып жүрген үлестеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жауапты қызметтеріңізде жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз! Еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Ізгі ниетпен, Мәслихат депутаттары
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1245884?lang=ru

Жауап қалдыру