Мемлекеттік қызметшілер марапатталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мемлекеттік қызметші күні құрметіне мамандар мен мемлекеттік қызмет ардагерлеріне марапаттар табыс етті.

«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Құлмағамбетов марапатталды. «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісіне еңбек ардагерлері Есімхан Есенбаев, Әмина Жұмабаева, Рита Сиражетдинова, Лия Қасымова және Эльмира Бүзекеева ие болды.

Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы елді дамыту және қоғамның әл-ауқатын арттыру ісіндегі мемлекеттік қызметшілердің жауапты миссиясын атап өтті. Ол олардың кәсібилігі мен іске адалдығы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын айрықша атады. Сондай-ақ әкім өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етеді. 35 жасқа дейінгі жас мамандардың үлесі 38%-ды құрайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/1247501?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді