Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызмет саласының мамандары мен ардагерлеріне марапаттар табыстады.

«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісіне Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Құлмағамбетов ие болды. Ал «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі еңбек ардагерлері Есімқан Есенбаевқа, Әмина Джумабаеваға, Рита Сиражетдиноваға, Лия Қасымоваға және Эльмира Бузекееваға табысталды.

Аймақ басшысы өз құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметшілердің ел дамуы мен қоғам игілігі жолындағы жауапты миссиясына тоқталып, олардың кәсібилігі мен адалдығы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруда айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі – 38%.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/1245978?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді