
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ағымдағы жылы алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған маман Бопеева А.А. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдап, мемлекеттік қызметтің жоғары жауапкершілігі мен абыройлы міндетін ресми түрде өз мойнына алды.
Мемлекеттік қызметшінің анты – халыққа адал қызмет етудің, заңдылық пен әділдік қағидаттарын берік ұстанудың, мемлекет мүддесіне қалтқысыз еңбек етудің айқын көрінісі.
Департамент ұжымы Бопеева А.А.-ны осы маңызды оқиғамен құттықтап, қызмет жолында кәсіби табыс, жауапты қызметінде жетістіктер мен ел игілігі жолындағы жемісті еңбегіне толағай табыстар тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zhambyl/press/news/details/1245888?lang=ru

Жауап қалдыру