Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша бақылау шаралары жүзеге асырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы 8-23 маусым аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасына қарасты «Орал» желілік өндірістік-диспетчерлік стансасының қауіпті өндірістік нысандарында тексеру жүргізді.

    Шара барысында салалық талаптардың сақталмауына байланысты бірқатар заң бұзушылық анықталды. Инспекторлар тиісті актіні толтырып, кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама берді. Заңнама талаптарына сәйкес, кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Тексеру қорытындысы бойынша мекеме өкілдерімен кеңес өткізілді. Жиында олқылықтарды жою мерзімі нақтыланып, өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1246777?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді