Өңір басшысы полиция қызметкерлерін Қазақстан полициясы күнімен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласындағы «Өнер орталығы» концерт залында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері және қоғам өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан өңір басшысы жеке құрам мен ардагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адал қызметтері үшін алғысын білдірді.

– Полиция қызметі – қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің берік кепілі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, батылдықтарыңыз бен Отан алдындағы адал қызметтеріңіздің арқасында тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінеді. Сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан ардагерлерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Олардың тәжірибесі жас қызметкерлер үшін әрдайым үлгі болып қала береді, – деді Асхат Шахаров.

Салтанатты жиын барысында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, жоғары нәтижелер көрсеткен бірқатар қызметкерлер ведомстволық наградалармен, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Облыстың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның ерекше сәнін Ақтөбе облысы Полиция департаменті хорының орындауындағы Ақтөбе полициясының әнұраны келтірді. Сонымен қатар полиция қызметі, патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбындағы вокалдық және хореографиялық қойылымдар ұсынылды.

Салтанатты іс-шара соңында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлеріне ізгі тілектер айтылып, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлі ерекше атап өтілді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1246243?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді