
Полиция қызметкерінің батылдығы мен жедел әрекетінің арқасында судағы қайғылы оқиғаның алдын алып, адам өмірін сақтап қалу мүмкін болды. Баянауыл ауданында қызмет атқару барысында Сабындыкөл көлінде ЖҚАЖ полиция қызметкері Болатбек Досмағамбет судан өз бетімен жағаға шыға алмай, көмекке шақырып жатқан ер адамды байқайды. Жағдай шұғыл әрекет етуді талап етті.
Бір сәт те кідірместен полицей суға секіріп, батып бара жатқан адамға жүзіп жетті. Оны су бетінде ұстап тұрып, жағаға алып шықты. Құтқарылған азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оның жағдайын бақылауда ұстады. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлеріне ер адам әрі қарай тексеруден өткізу және қажетті білікті көмек көрсету үшін тапсырылды.
Полицейдің кәсібилігі, батылдығы және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болуы қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді. Оның жедел әрі шешімді әрекеттерінің арқасында адам өмірі аман қалды.
Бұл оқиға полицейлердің күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ең күрделі әрі қауіпті жағдайларда да көмекке келуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1246584?lang=ru

Жауап қалдыру