ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА «TAZA SANA» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған антинаркотикалық айлық аясында, Алматы облысы Білім басқармасының қолдауымен Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы көпсалалы кәсіби даярлау колледжінің базасында «TAZA SANA» атты зияткерлік ойын өтті. Іс-шараға Қарасай және Жамбыл аудандары колледждерінің 7 командасы қатысты. Қатысушылар өз білімдерін, зерделілігін және белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша I орынды Үзынағаш медициналық колледжі, II орынды – Шамалған ауылының көпсалалы колледжі, III орынды – С. Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастар арасында нашақорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1247298?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді