
Қарашыған ауылдық округінде ауылішілік инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауылындағы Орталық көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көшеге тас жол төсеу және абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Жобаның жүзеге асырылуы ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге, көлік қатынасын жақсартуға және елді мекеннің көркін арттыруға бағытталған. Жол құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалып, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымы одан әрі жақсара түседі. Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде және сапалы орындалуы тұрақты бақылауда

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1246817?lang=ru

Жауап қалдыру