Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрі Эъзоза Каримовамен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🇰🇿🇺🇿Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Мемлекет басшылары жүргізіп отырған саясаттың нәтижесінде екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп білім беру бағытындағы ынтымақтастықтың жүйелі түрде дамып келе жатқаны атап өтілді.
🧑🏻‍🏫Кездесу барысында педагогтердің біліктілігін арттыру, білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ екі елдің білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби байланыстарды кеңейту мәселелері қаралды.
👧🏻Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан оқушыларының халықаралық олимпиадаларға, білім беру форумдарына және ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысуы атап өтілді.
📌Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1246122?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді