Қонаев қаласының мәслихаты барша мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қаласының мәслихаты барша мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды.

Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілікті, адалдық пен кәсібилікті талап ететін абыройлы міндет. Сіздер күн сайын еліміздің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолында қажырлы еңбек етіп келесіздер. Сіздердің әрбір шешімдеріңіз – ел болашағына, қоғамның тұрақтылығы мен әділеттілігіне әсер етеді.

Сондай-ақ, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегі де орасан зор. Сіздердің батылдықтарыңыз бен адалдығыңыз – халықтың сенімінің кепілі.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби қызметтеріңізге табыс пен жетістіктер тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1245650?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді