
23 маусымда ҚР Жоғары аудиторлық палатасында Мемлекеттік қызметші күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараны ашқан Жоғары аудиторлық палата басшылығы ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады. Мемлекеттік қызметшілердің адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруда және мемлекеттік аудит жүйесін дамытуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Шарада Мемлекет басшысы жақында қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңға ерекше назар аударылды. Құжат мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіруге, кадрлардың кәсіби өсуіне қосымша мүмкіндіктер жасауға және мемлекеттік аппараттың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Мереке аясында кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен Персоналмен жұмыс басқармасының бас консультанты Гүлмира Оспанова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.
Квазимемлекеттік секторға аудит жүргізу департаментінің Ұлттық компаниялар басқармасының бас консультанты – мемлекеттік аудитор Марат Оразбаев «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ іс-шара барысында еліміздің дамуы жолында еңбек етіп жүрген жас мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеп өсірген ата-аналарына құрмет көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1246983?lang=ru

Жауап қалдыру