
“Орал қаласы мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің” мемлекеттік сот орындаушысы Г. Ерғалиева радиода «Заң мен тәртіп» концепциясы туралы эфирге қатысты. Концепция – қоғамда заңның барлығына бірдей жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың стратегиялық құжаты.
Бұл құжаттың негізгі мақсаты – қоғамда тәртіпті күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық мемлекет қағидаларын нығайту.
Концепция тек құқық қорғау органдарының жұмысына ғана қатысты емес. Ол қоғамның барлық саласын қамтиды: білім беру, құқықтық мәдениет, мемлекеттік басқару, қауіпсіздік және азаматтардың құқықтарын қорғау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1247132?lang=ru

Жауап қалдыру