Сандықтау ауданында мемлекеттік қызметшілер, судьялар мен полиция қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық Мәдениет үйінде қатарынан бірнеше маңызды мереке — Мемлекеттік қызметші, Судья және сот қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға қатысушылар алдында Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай құттықтау сөз сөйледі. Аудан әкімі мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің және ішкі істер органдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың адал еңбектері, жоғары кәсібиліктері және өз істеріне деген жауапкершіліктері үшін алғысын білдірді.
Мерекелік шараға сондай-ақ «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының төрағасы Қабдуәлі Күлүшев қатысты.
Іс-шараның салтанатты бөлімінде үздік мемлекеттік қызметшілерге, полиция қызметкерлеріне және аудандық сот қызметкерлеріне алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды.
Мерекелік жиын ауданның шығармашылық ұжымдары дайындаған мазмұнды концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1246532?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді