Семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 18 маусым күні Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С.Слямгазина, инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Р.Тулесова, Өскемен қаласы СЭББ -ң эпидемиологиялық бақылау бөлімі бас маманы және «ҰСО» ШЖҚ РМК ШҚО филиалының дәрігер-вирусологы қатысуымен Өскемен қаласының шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау орталықтарының медициналық қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.
Семинарда талқыланған мәселелер:
– Тұмау тәрізді ауруларды (бұдан әрі-ТТА) және ауыр жедел респираторлық инфекцияларға (бұдан әрі-АЖРИ) шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау бойынша 2025-2026жылғы эпидемиологиялық маусым қорытындысы;
– «ҚР-да тұмауды, COVID-19 коронавирус инфекциясын және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекцияларды шолғыншы және күнделікті эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 13 наурыздағы №6 қаулысы;
– ЖРВИ және тұмауға электронды есеп жүргізу,сынама алу, сақталуы, тасымалдануы, зертханалық зерттеу.
Семинарға Өскемен қаласындағы ТТА шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды (ШЭҚ) жүзеге асыратын емханалар және АЖРИ ШЭҚ жүзеге асыратын стационарлар эпидемиологиялық бейіндегі мамандар мен жауапты мамандары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1247617?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді