Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Олимпиада чемпиондарын жеңіп, Азияның үздігі атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан семсерлесуден сары құрлық додасының кезекті күнінде сапы сайысынан ерлер арасындағы командалық жарыстың жүлдесі сарапқа салынды.

Финалда Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходовтан құралған командамыз өзінің басты қарсыласы саналатын Жапониямен сынға түсіп, 45:40 есебімен жеңіске жетті.

Жарыс барысында Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Ираннан (45:27), ширек финалда Өзбекстаннан (45:37), жартылай финалда Оңтүстік Кореядан (45:33) басым түскен еді.

Айта кетерлігі, Қазақстан мен Жапония құрамалары Азия чемпионатының финалында қатарынан төртінші жыл кездесті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1246279?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді