ШҚО-да жарықшамдар орнатып, жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да жарықшамдар орнатып, жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Өскемен қаласында полиция жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзып, басқалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген жүргізушіні жауапкершілікке тартты.

Тексеруге құқық бұзушының өзі әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазба негіз болды. Кадрларда жеңіл автокөлік жүргізушісінің қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы жолаққа шыққаны, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету сияқты қауіпті маневрлер жасағаны көрінген, сондай-ақ қызыл-көк түсті жарықшамдарды заңсыз пайдаланған.

Өскемен қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Ол облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны болып шықты.

Азаматқа қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Түпкілікті шешім қабылданғанға дейін оның автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды.

Енді қауіпті жүргізуді ұнатқан азаматтың алдағы тағдырын сот шешеді. Қолданылуы мүмкін жауапкершілік шараларының бірі – көлік құралын басқару құқығынан айыру.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде мұндай әдейі жасалатын өрескел құқықбұзушылықтар құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

– «Жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысы заң талаптарын сақтауға міндетті. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекет дереу анықталып, қатаң түрде жолы кесілетін болады», – деді Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының командирі, полиция майоры Ғабит Абенов.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1247465?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді