
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлерінің 10 отбасы жаңа пәтерге ие болды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен өткен салтанатты шарада ерекше көзге түскен полицейлерге мемлекеттік және ведомстволық марапаттар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының 10 қызметкеріне жаңа пәтерлердің кілті берілді.
Жаңа қоныстанушылардың қатарында Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері, полиция майоры Талғат Оспанов бар. Ол қызмет барысында өзінің кәсібилігімен және қызметтік борышына адалдығымен үлгі көрсетіп келеді. Офицер облыс тұрғындарына өз ерлігімен танымал: өткен жылы ол демалыс уақытында Алакөл көлінде суға батып бара жатқан баланы ажалдан арашалап, аман алып қалған болатын.
Полиция майорының отбасы үшін бүгінгі күн көптен күткен қуанышты сәтке айналды.
«Бұл — біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Мұндай қолдау ертеңгі күнге деген сенімімізді арттырып, қызметтік міндетімізді бұдан да жауапкершілікпен атқаруға шабыттандырады», — дейді Талғат Оспанов.
Пәтер кілттерінің табысталуы – тек қоныстанушылар үшін ғана емес, күн сайын заң мен қоғамдық қауіпсіздіктің сақшысында тұрған, азаматтардың тыныштығын күзеткен жандарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық пен құрметтің айқын көрінісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1246554?lang=ru

Жауап қалдыру