«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 сәуірде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Демеу» Балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» жеке коммерциялық емес мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бірқатар іс-шараларды өткізді.

Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын насихаттауға бағытталған «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты квест ұйымдастырылып, өткізілді.

Сондай-ақ жастар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты әлеуметтік антикоррупциялық жарнама байқауы өткізілді. Байқау барысында қатысушылар адалдық, әділдік және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау қағидаттарын насихаттайтын шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жастар арасында құқықтық сананы арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға және жастарды қоғамдық қызметке тартуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы брейн-ринг ұйымдастырылып өткізілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ауданның қоғамдық орындарында орналастыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы 100 постер мен буклет әзірленіп, дайындалып және таратылды.

Благовещенка және Пресновка ауылдық округтерінің тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша консультациялар өткізілді.

Сонымен қатар, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик әзірленіп, дайындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1246089?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді