
Сырым ауданында оқу-далалық жиын басталды
1 маусым күні Сырым ауданында жас сарбаздардың 5 күндік оқу-далалық жиынының салтанатты ашылуы өтті. Бұл жиын – жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери дайындықтарын шыңдау және ел қорғау жауапкершілігін сезіндіру бағытындағы маңызды шаралардың бірі.
🪖Оқу-далалық жиын Қособа ауылында, Қособа мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің базасында ұйымдастырылып отыр. Биылғы жиынға ауданның ауыл мектептерінен 10-сынып бітіруші 119 жас сарбаз қатысуда.
Салтанатты шараға Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов, Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Серік Саянов, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Берік Джанбулсинов, Қособа мектеп-балабақша-кешенінің директоры Нұргүл Райымова және әскери сала өкілдері қатысты.
🎯 Жиын барысында жас сарбаздар саптық дайындық, тактикалық әрекеттер, азаматтық қорғаныс, қауіпсіздік ережелері және алғашқы медициналық көмек көрсету бағыттары бойынша практикалық дағдыларын жетілдіретін болады.
Сонымен қатар қатысушылардың дене дайындығын шыңдау мен әскери өмірге бейімделуіне ерекше назар аударылады.
🇰🇿 Оқу-далалық жиын – жас буынның патриоттық рухын көтеріп, ел қорғаны болуға дайындайтын маңызды алаң. 💪

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1247560?lang=ru

Жауап қалдыру