
СЫРЫМ ЕЛІНІҢ СЫРЛЫ СОҚПАҚТАРЫМЕН!
Бүгін аудандық *«Менің кіші Отаным»* тарихи экспедициясы аясында туған өлке тарихын таныту, тарихи-мәдени мұраларды жас ұрпаққа насихаттау және оқушылардың туристік-спорттық шеберлігін шыңдау және жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастырылды.
Экспедиция бағыты *Жымпиты – Сырым шыққан төбе – Жұмағазы хазірет қорымы – Тайлақ батыр қорымы – Қоспа – Бұлан тоғайы* маршруттарын қамтыды.
Сапар барысында оқушылар киелі орындардың тарихымен терең танысып, туған өлкенің өткені туралы тың деректер мен құнды мәліметтерге қанықты. Экспедиция жас зерттеушілердің өлкетануға деген қызығушылығын арттырып, тарихи санасын қалыптастыруға және білім көкжиегін кеңейтуге зор мүмкіндік берді. Туған жер тарихын танып-білу – өскелең ұрпақтың елжандылық рухын қалыптастыратын маңызды қадам.
Экспедиция жетекшілері:
🔹 *Е.М. Ескабулов* – аудандық «Жас туристер станциясы» КММ әдіскері;
🔹 *Н.А. Сырымова* – аудандық «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК қосымша білім беру педагогы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1247548?lang=ru

Жауап қалдыру