
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Воронеж ауылдық округінде тұрғындар арасында белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуына деген жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ тұрғындарды табиғатты қорғау шараларына белсенді қатысуға тарту.
Округ тұрғындарымен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы, санитарлық тазалықты сақтау, аумақтарды уақытылы тазалау және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату мәселелері бойынша кездесулер мен түсіндіру әңгімелері өткізілуде. Сонымен қатар, жастар мен өскелең ұрпақ арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Тұрғындарға «Таза Қазақстан» акциясының мақсат-міндеттері түсіндіріліп, көшелерде, аулаларда, қоғамдық орындарда және іргелес аумақтарда тазалық сақтаудың маңыздылығы насихатталуда. Жұмыс барысында ақпараттық материалдар таратылып, сенбіліктер мен абаттандыру шаралары ұйымдастырылуда.
Түсіндіру жұмыстары халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға ықпал етіп, Воронеж ауылдық округін таза, көрікті әрі жайлы ету жолында тұрғындарды ортақ мақсатқа жұмылдыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-voronezh/press/news/details/1246922?lang=ru

Жауап қалдыру