Түсіндірме жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 маусымда Жетісу облысы әкімінің орынбасары                    М. Көлбаевтың төрағалығымен, Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы                          Е. Мизамбаевтың, Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С. Булебаевтың, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Б. Ормановтың және аудан қала әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен бейнебайланыс режимінде кеңес өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – инфрақұрылымдық нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және сәйкестік декларациясына қол қою тәртібін түсіндіру.

Кеңесте мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік субъектілері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кедергісіз орта қалыптастыру, объектілерді пайдалануға беру кезінде қолжетімділік талаптарын сақтау мәселелері қаралды. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексінің талаптары, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты сәйкестік декларациясына қол қою тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, құрылыс процесіне қатысушылардың қолжетімділік нормаларын сақтау жөніндегі жауапкершілігіне, азаматтардың барлық санаттары үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар жасауға және қолжетімді орта талаптарын тәжірибеде тиімді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1247625?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді