Ұлытау облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметкерлері 23 – маусым Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Мемлекеттік қызмет дегеніміз не? тақырыбында челлендж ұйымдастырды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметкерлері 23 – маусым Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Мемлекеттік қызмет дегеніміз не? тақырыбында челлендж ұйымдастырды.
Челлендждің мақсаты – мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлін насихаттау, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін арттыру және халыққа қызмет етудің маңыздылығын көрсету.
Іс – шара барысында қатысушылар «Мемлекеттік қызмет дегеніміз не?» деген сұраққа өз ойларын білдіріп, мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары ретінде адалдықты, жауапкершілікті, кәсібилікті, әділдікті және заңдылықты атап өтті.
Мемлекеттік қызмет – халық пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтатын маңызды институт. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз міндетін абыроймен атқарып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға үлес қосады.
Челлендж соңында қатысушылар барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1245883?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді