
2026 жылғы 23 маусымда Ветеринария басқармасында мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру, сондай-ақ халықпен кері байланысты нығайту мақсатында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға басқарманың негізгі қызмет бағыттары, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және қолданыстағы заңнама талаптары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан түсіндірмелер мен кеңестер алды.
Мемлекеттік қызметшілер халыққа сапалы қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, ашықтық, заңдылық, кәсібилік және қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізетіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы қарау, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Аталған акция мемлекеттік орган мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеруге өз үлесін қосты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-vet/press/news/details/1246887?lang=ru

Жауап қалдыру