
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Нгуен Тхань Леден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Кездесу барысында тараптар алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар мен өзара сапарлар кестесіне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылады.
Ә.Қуантыров Қазақстанның Вьетнаммен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін және сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Тараптар көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды, ең алдымен БҰҰ, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Кездесу соңында министрдің орынбасары вьетнамдық дипломатқа Қазақстандағы жұмысына табыс пен сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1245628?lang=ru

Жауап қалдыру