
«ЖАС ДАРЫН – 2026»
Сырым аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық және республикалық деңгейде білім, өнер және спорт салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген дарынды оқушыларды марапаттауға арналған «Жас дарын – 2026» салтанатты рәсімі өтті.
Шара барысында Сырым ауданы әкімінің міндетін атқарушысы Серік Тоқмамбетов республикалық деңгейде аудан намысын абыроймен қорғаған оқушыларды марапаттады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерінің иегері, ардақты ұстаз Мұқанғалиева Гүлзада Жиенқұлқызының жарқын жолын жалғастырған ұрпақтары математика пәнінен түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен білім сайыстарында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға арнайы ақшалай сыйақы табысталды.
Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов облыстық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға марапат табыстады.
Сондай-ақ «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Талғат Дарғожиев пен ардагер ұстаз Гилаж Каналиев республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
Бұл шара – жас дарындардың еңбегін бағалап, олардың жаңа жетістіктерге ұмтылуына серпін беретін маңызды мереке. Бүгінгі табыс – оқушының талабы, ұстаздың еңбегі және ата-ананың қолдауының нәтижесі.
Дарынды жастарымызға толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1247539?lang=ru

Жауап қалдыру