
Жеке қорғаныш құралдары (ЖҚҚ) өндірісте және басқа да кәсіби салаларда қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Олардың маңызы әсіресе зиянды немесе қауіпті факторларды толықтай жою мүмкін болмаған жағдайларда ерекше арта түседі.
Жеке қорғаныш құралдарының маңызы
1. Жарақаттану қаупін төмендету: ЖҚҚ механикалық зақымданудан, күйіктерден, электр тогының соғуынан және басқа да қауіпті әсерлерден қорғайды;
2. Зиянды факторлардан қорғау: шаңның, химиялық заттардың, радиацияның, шудың, дірілдің және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайды;
3. Кәсіби аурулардың алдын алу: ЖҚҚ-ны тұрақты қолдану созылмалы аурулардың (мысалы, тыныс алу жолдары немесе тері аурулары) пайда болу ықтималдығын төмендетеді;
4. Заңнама талаптарын сақтау: ЖҚҚ қолдану еңбек қауіпсіздігі талаптарының міндетті бөлігі болып табылады және уәкілетті бақылаушы органдар тарапынан қадағаланады.
ЖҚҚ негізгі түрлері:
- Тыныс алу органдарын қорғау құралдары (респираторлар, газтұмылдырықтар)
- Көз бен бетті қорғау құралдары (қорғаныш көзілдіріктері, бетқалқандар)
- Басты қорғау құралдары (каскалар)
- Қолды қорғау құралдары (қолғаптар)
- Аяқты қорғау құралдары (арнайы аяқ киім)
- Қорғаныш киімдері (комбинезондар, халаттар)
- Есту мүшелерін қорғау құралдары (құлақ тығындары, қорғаныш құлаққаптар)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1247523?lang=ru

Жауап қалдыру