
Бүгін, ағымдағы жылдың 24 маусымында Н.С. Болатовтың төрағалығымен ZOOM платформасы арқылы аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы онлайн-режимде өтті.
Сессия жұмысына «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында Ұзынкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы, сондай-ақ «Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 19 наурыздағы №190 шешімінің күші жойылды деп тану туралы», шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы мәселелері қаралды. Қаралатын мәселелер бойынша барлық материалдар алдын ала депутаттарға егжей-тегжейлі танысу үшін жіберілді.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/1247012?lang=ru

Жауап қалдыру