📜 Мемлекеттік қызметші күніне орай жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына алғыс білдірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🇰🇿 Мемлекеттік қызметші күніне орай Министрлік тарапынан Қазақстан Республикасының ветеринариялық кешені саласында жоғары нәтижелер көрсеткен жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына алғыс хаттар табысталды. 👏

🏅 Алғыс хаттар биологиялық қауіпсіздік басқармасының сарапшысы Абылкасымова Гаухар Құралбекқызының, Тамақ өнімдері қауіпсіздігі басқармасының сарапшысы Имуханбет Ырысбек Русланұлының және Ветеринария саласындағы халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы Мырзабек Азамат Қайратұлының ата-аналарына табыс етілді.

🤝 Бұл – жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жетістіктеріне үлес қосқан ата-аналардың еңбегі мен тәрбиесіне көрсетілген құрметтің белгісі.

💐 Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз! 🇰🇿

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vetcontrol/press/news/details/1249037?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді