🔰 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔶 27 маусым күні Департаменттің «Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің» бас маманы, мемлекеттік еңбек инспекторы Сыздықов Нұрбек Әбдібекұлы Кентау қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, қала аумағындағы жалпы саны 25 нысанда профилактикалық (рейд) шаралар өткізді. Соның ішінде:

📍 қоғамдық тамақтану орындарында-7 (Хан төре, Кентау Нұры, Алтын, BEEK HOUSE, Дархан, Уәде, Semya);

📍 жанармай құю станцияларында-5 (Гелиос, Синойл, TS, Алатау премиум мұнай, Кентау Бейбарыс газ);

📍 көлік жуу орындарында-4 (Kentau Carwash, Diamond auto Kentau, Car wash Appak, TM auto SPA Kentau);

📍 саябақтарда -3 (Қалалық орталық саябақ, Кеншілер саябағы, Жастар саябағы);

📍 сауда орталықтарында-6 (Мечта, Азиз, Байсалкерім, Арзан, Рахмет, Grand Techno Service);

🚔 Рейд барысында жұмыс берушілерге кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде еңбек заңнамасының талаптары түсіндіріліп, олардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

📌 Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1249763?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді