2026 жылдан бастап салық заңнамасындағы өзгерістер бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлеріне арнап ұйымдастырған семинарға қатысты.

Семинар барысында Гүлмира Сабралимова «2026 жылдан бастап енгізілетін салық саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында дәріс оқып, 2026 жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы негізгі өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

Ол жеке табыс салығы мен әлеуметтік салыққа қатысты тәжірибеде жиі кездесетін мәселелерге, атап айтқанда салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктеріне, шегерімдерге, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар және арнайы салық режимдері мәселелеріне кеңінен тоқталды. Қатысушылар жаңа нормаларды қолдану бойынша практикалық ұсынымдар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Мұндай кездесулер мемлекеттік мекемелер мамандарының кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және салық заңнамасындағы өзгерістерді бірізді түсінуді қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250124?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді