23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоспары шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Атырау облысы Әділет департаментінде «Әділет органдары: тарихы, тәжірибесі және сабақтастығы» атты тағылымды кездесу өткізілді.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет саласының ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың өнегелі еңбек жолын жас буын арасында насихаттау, кәсіби тәжірибені дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
🔹Кездесуге әділет органдары мен мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста жүрген ардагерлер қатысты. Іс-шара барысында ардагерлер мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен даму кезеңдері жөніндегі тәжірибелерімен және естеліктерімен бөлісіп, жас мамандарға кәсіби бағыт-бағдар беріп, тағылымды кеңестер айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1249220?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді