23 МАУСЫМ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🇰🇿23 МАУСЫМ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІ!
🎗️Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесіне орай жиын өткізілді.
🔸Аталған іс-шара, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Нұрмахановтың төрағалығымен, департамент басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары мен мамандары және аудан, қала медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері қызметкерлерінің ZOOM арқылы қатысуымен өткізілді.
🔸Департамент басшысы Б.Нұрмаханов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және өз атынан барша Әріптестерін 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні мерекесімен құттықтап, қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі.
🔸Мереке қарсаңында: 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы сіңірген еңбегі үшін “Еңбек ардагері” медалімен А.Абдраманов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісімен Е.Саухимов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметші күні мерекесі қарсаңында облысымыздың игілігі, әлеуметтік-еңбек саласының тұрақты дамуы мен экономиканың кемелденуі жолында сіңірген елеулі еңбегі үшін “Алғыс хатпен” А.Сыздықова, А.Ілясов, Б.Тасқожа, Ш.Әбдіғаппаров, Н.Алибаева, М.Копабаева және “Құрмет грамотасымен” Л.Бермухамедова, О.Момынов, Г.Кенжебековаға табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1249710?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді