
23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы үшін салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында адал қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің еңбегі ерекше атап өтілді. Департамент басшылығы жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, олардың жауапты қызметіне табыс, мықты денсаулық және отбасыларына амандық тіледі. Салтанатты жиында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, жоғары кәсібилік танытқан бірқатар қызметкерлер марапаттармен, алғыс хаттармен және грамоталармен наградталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы қызметтерін абыроймен атқарып, ел қауіпсіздігіне өз үлестерін қоса бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1248040?lang=ru

Жауап қалдыру