Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жастар саясатын іске асыру мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі жастар саясаты мәселесі бойынша Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Олжас Бейсенбаев баяндама жасады.

Абай облысында 147 982 жас тұрады. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4%-ды құрап, NEET санатындағы жастар саны 444 адамға азайды. Жыл басынан бері 2 511 жас жұмысқа орналасып, «Жастар практикасы», «Жасыл ел» және «Дипломмен ауылға» жобалары жүзеге асырылуда.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында бірнеше экологиялық жоба ұйымдастырылып, Бесқарағай ауданындағы Шипалы көл аумағынан 20 тонна қоқыс шығарылды.

2026 жылдың екінші жартыжылдығында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты, «Abai Quiz», «ERTIS VOLUNTEER FORUM – 2026» және «Жас сайлаушылар мектебі» жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.

Кеңес қорытындысында өңір басшысы жастарды жұмыспен қамту, NEET санатын азайту, жастар ресурстық орталықтарының жұмысын күшейту, волонтерлік қозғалысты дамыту және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1250287?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді