«Адалдық – әділ қоғамның негізі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі тақырыбында» дөңгелек үстел өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 маусым күні Аудан әкімдігінің кіші залында, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық – әділ қоғамның негізі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі тақырыбында» дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарының маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Іс-шараның басты мақсаты – қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық құндылықтарын дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1248644?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді