
«ӘКЕ.ОТБАСЫ.БОЛАШАҚ» – құндылықтар сабақтастығын дәріптеген маңызды басқосу
2026 жылғы 26 маусым күні Талдықорған қаласында өткен «Әке. Отбасы. Болашақ» XI Республикалық Әкелер форумы аясында отбасы құндылықтарын нығайту, әке тәрбиесінің қоғамдағы рөлін арттыру және ұлттық тәрбиені насихаттау бағытында мазмұнды кездесу өтті.
Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылдық клубының сүйемелдеуші және аналар кеңесінің жетекшісі Кондыкерова Камшат Уаповна қатысып, еліміздің әр өңірінен келген белсенді әкелер, қоғам қайраткерлері, тәрбие саласының мамандарымен тәжірибе алмасты.
Форум барысында отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және заманауи қоғамдағы әкенің орны туралы өзекті мәселелер қозғалды.
Іс-шара аясындағы баяндамалар мен пікір алмасулардан мол тәжірибе жинақтап ауылдық округтегі аналар кеңесінің жұмысында отбасы тәрбиесін дамыту, ұрпақ сабақтастығын сақтау бағытында жаңа бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосатын боламын.
Отбасы – тәрбие бастауы. Ұрпақ тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1250380?lang=ru

Жауап қалдыру