
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің лауазымды тұлғаларының қатысуымен әлеуметтік еңбек саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында жиын өткізілді. Жиын барысында “Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу” мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы талқыланды.
Кездесу барысында еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды рәсімдеу тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, құжаттарды қабылдау және қарау мерзімдерін сақтау, сондай-ақ заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, еңбек көші-қоны саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, туындаған мәселелерді шешу жолдары талқыланып, сондай-ақ көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/1248041?lang=ru

Жауап қалдыру