
Ақтау қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Сафиулин Евгений Викторович Ақтау қаласы аумағында орналасқан учаскелік полиция пункттері мен полиция бекеттерінің қызметіне тексеру жүргізді.
Тексеру барысында учаскелік полиция пункттерінің материалдық-техникалық жабдықталуы, қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындау сапасы, азаматтарды қабылдау тәртібі, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың ұйымдастырылуы зерделенді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халыққа көрсетілетін полиция қызметінің сапасын арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін күшейту. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және қызметті одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1249891?lang=ru

Жауап қалдыру