Ақтауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоқыс тастамау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған өлкенің тазалығын сақтауға бағытталған ауқымды республикалық акция.

Іс-шара барысында полицейлер саябақтарда, жағалауларда, аялдамаларда және тұрғын үй аулаларында азаматтармен профилактикалық әңгімелер өткізіп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Сонымен қатар тұрғындарға табиғатты аялау, тұрмыстық қалдықтарды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау және жас ұрпақты тазалық пен қоршаған ортаға жанашырлыққа тәрбиелеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті өңір тұрғындарын «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырады.

Таза қала – ортақ үйіміз!

https://www.instagram.com/reel/DZ-TbKBsrMM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1248098?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді