Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссия мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның бірлескен отырысы өтті.

Жиын барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, комплаенс қызметтердің қызметі, сондай-ақ өңірдің өрт қауіпті кезеңге дайындығы мәселелері қаралды.

Өңір басшысы мемлекеттік органдар мен бағынысты ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жұмыстарын күшейту, комплаенс қызметтердің тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Сонымен қатар,  Асхат Шахаров өңірдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жоспарланған өрт сөндіру пункттерін уақытылы іске қосу, оларды қажетті техника және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1250163?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді