
Астанадағы Триатлон саябағында Қазақстан полициясы күніне орай “Заң мен Тәртіп” қағидатын іске асыру аясында POLICE RUN жүгіру жарысы өтті. Іс-шараны Ішкі істер министрлігінің ARLAN спорт клубы Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Ауқымды спорттық шараға екі мыңнан астам адам қатысты. Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірге елорда тұрғындары, жүгіруге әуес жандар және салауатты өмір салтын қолдаушылар жарыс жолына шықты.
Аталған іс-шара Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік бағдарламаның бір бөлігі болып, бұқаралық спортты дамытуға, қоғамдық бірлікті нығайтуға және салауатты өмір салты мәдениетін насихаттауға өз үлесін қосты.
Мерекелік шараның сәнін Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Ән және би ансамблі келтіріп, қатысушылар мен қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1249324?lang=ru

Жауап қалдыру