Атырау облысы Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы жаңашылдықтар талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы жаңашылдықтар талқыланды
2026 жылғы 18 маусымда Атырау облысы Әділет департаментінде Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Меруерт Музатованың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары және жаңашылдықтары» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Арман Болатұлы Абсиметов және Департамент қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға Мемлекет басшысы 2026 жылғы 12 маусымда қол қойған заңнамалық өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндірілді. Атап айтқанда, мүдделер қақтығысы ұғымы кеңейтіліп, «өзге де байланысты тұлғалар» санаты енгізілгені, сондай-ақ материалдық игіліктерді қабылдауға қатысты шектеулер толықтырылып, жеңілдіктерді (скидкаларды) алу да шектеулер қатарына енгізілгені атап өтілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және заңнамадағы өзгерістерді тәжірибеде қолдану мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1249266?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді