
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Сандықтау ауданының әкімі С. Құдабайдың атынан аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова «Сандыктауский край» аудандық газетінің ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары ұжымға адал еңбектері жоғары кәсібиліктері, қоғамдық маңызы бар оқиғаларды объективті түрде жариялап, ауданның ақпараттық кеңістігін дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, аудандық газеттің тұрғындар өміріндегі маңызды рөлін атап өтіп, ұжымға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыстар, бақ-береке және алдағы жұмыстарына толағай жетістіктер тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1249223?lang=ru

Жауап қалдыру