Аудандық мәслихат депутаттары 2025 жылғы бюджеттің орындалуын талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық мәслихат депутаттары 2025 жылғы

бюджеттің орындалуын талқылады

Аудандық мәслихаттың 32 кезекті сессиясы аудандық мәслихат төрағасы А. Нұрғалиевтің төрағалығымен өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі А. Мұханбетжанова қатысты.

Күн тәртібінде аудандық және ауылдық округтер бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған аудандық және ауылдық округтер бюджеттеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы мен Ақсуат ауылдық округінің әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша есеп берді.

Депутаттар ұсынылған мәселелерді жан-жақты талқылап, барлық шешім жобаларын бірауыздан қолдады.

Сессия қорытындысында аудандық мәслихат төрағасы А. Нұрғалиев қабылданған шешімдердің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Трансляцияға сілтеме

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/terekta-maslihat/press/news/details/1250416?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді