
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу екінші
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3- тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес:
1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу екінші сессиясы 2026 жылы 30 маусымына шақырылсын.
2. Сессия Қандыағаш қаласы, Мұғалжар аудандық әкімдігінің ғимаратында сағат 10:00-де өткізілсін.
3. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу екінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
1) Мұғалжар аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2) Басқа да мәселелер.
4. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары шақырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы К. Ермағамбетов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mugalzhar/press/news/details/1249338?lang=ru

Жауап қалдыру