АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫСауран ауданының әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, азаматтар тарапынан көтерілген бірқатар өзекті мәселелерді қарады. Қабылдау барысында тұрғындарды алаңдатқан инфрақұрылым, жұмыспен қамту, жер қатынастары, әлеуметтік және кәсіпкерлік бағыттағы ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Кездесуде елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету, қоғамдық жұмысқа орналасу, білім беру нысандарының инфрақұрылымын жақсарту, спорт алаңшаларын салу, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, су шаруашылығы нысандарын жаңғырту, тұрақты жұмысқа орналасу және жер қатынастарына байланысты мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі әрбір мәселе заң талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары жергілікті атқарушы органдар мен жауапты бөлімдер тарапынан жан-жақты зерделеніп, нақты жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
«Халықтың көтерген әрбір мәселесі біздің тұрақты бақылауымызда. Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, жұмыспен қамту мәселелерін шешу және кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады. Заң аясында шешімін табуға болатын барлық мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданады», – деді аудан әкімі.
Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, көтерілген мәселелердің орындалуын бақылауда ұстау жүктелді. Азаматтардың өтініштері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шешу жолдары мен іске асыру мерзімдері баяндалды.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1249351?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді