БЕЙНЕУ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес Бейнеу аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция подполковнигі Ғабидолла Қайырбекұлы Құсайынов тағайындалды.

Ғабидолла Қайырбекұлы 1990 жылғы 7 шілдеде Маңғыстау облысының Үштаған ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2007-2011 жылдары Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында білім алған.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 2011 жылы жедел уәкіл лауазымынан бастаған. Қызмет атқарған жылдары түрлі жауапты лауазымдарды атқарып, өзін кәсіби әрі білікті қызметкер ретінде көрсете білді.

2018 жылы Қарақия аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2022 жылы Жаңаөзен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2024 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Маңғыстау аудандық полиция бөлімін басқарды.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы Ғабидолла Қайырбекұлына жаңа қызметінде табыс тілеп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықпен өзара іс-қимылды нығайту бағытындағы қызметіне сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1248002?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді