
Әділет департаментімен департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету барысында қолданылатын әдістемелік ұсынымдарды түсіндіру жөніндегі іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында «Заң мен Тәртіп» идеологемасының негізгі мақсаттары мен міндеттері, оны мемлекеттік органдардың қызметінде тиімді қолдану тетіктері, сондай-ақ халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тәсілдері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге заң үстемдігін, құқықтық мәдениетті және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері түсіндірілді.
Кездесу қорытындысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, әдістемелік ұсынымдарды күнделікті қызмет барысында тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1248288?lang=ru

Жауап қалдыру